Хабар

Қарағанды облысында көктемгі су тасқынына дайындық басталып кетті

Қарағанды облысында елді мекендерден 461 мың текше метр қар шығарылды. Бұл жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Сонымен қатар, су бұру және нөсер кәріз жүйесін уақтылы тазарту, гидроқұрылысты дайындау ерекше назарда.

Су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері аппараттық кеңесте талқыланды.

Облыстық ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов материалдық-техникалық құралдар қоры жайында баяндады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта 80 мың тоннаға жуық инертті материал мен 63 мың қап дайын тұр.

Бүгін Нұра және Шерубай-Нұра өзендерінің бассейндерінде қар өлшеу бойынша алғашқы аралау жұмыстары басталды.

«Өңірлер мынаған ерекше назар аудару қажет: біріншіден – арықтардың, науалардың және нөсерлі кәріздердің жай-күйіне, оларды алдын ала тазартуды ұйымдастыра отырып, оның ішінде жеке аумақтар мен су өткізгіш арықтарды, науаларды қардан, қоқыстан тазарту бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, екіншіден – елді мекендер мен объектілердің айналасында немесе бойында қар траншеяларын жасау жұмысын ұйымдастыру», – деп атап өтті Мұрат Қатпанов.

Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев қалалар мен аудандардың әкімдеріне, сондай-ақ құзырлы мекемелерге тапсырма берді.

Олар су бұру және нөсер кәріз жүйелерін уақтылы дайындауға, гидроқұрылыстардың жұмысын бақылауға, автожолдардағы ахуалды бақылауға қатысты.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button