Хабар

Қарағандылықтарды баспана, автобус және жол мәселесі ерекше алаңдатады

Қарағандылықтар облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесуде ТКШ, жол жөндеу, қоқыс алаңдарының тапшылығы, кезекте тұрғандарға пәтер беру, сирек жүретін қоғамдық көлік сияқты мәселелерді көтерді.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған жиында қарағандылықтар көп сұрақ қойды, оларға тиісті ведомство басшылары бірден жауап беріп отырды.

Тұрғындар тарапынан бірнеше жыл бұрын аулаларда пайда болған сапасыз ойын алаңдарына шағым түсті.

Оларды орнатумен айналысқан селсоқ мердігерді сотқа беріліп, жауапқа тартылды.

Енді аулаларды абаттандыру барысында сапаға көбірек көңіл бөлінеді.

2023 жылы Қарағандыда 33 аула аумағын ретке келтіру жоспарланған. 50 балалар ойын алаңын, 12 футбол алаңын, төрт баскетбол алаңын және екі әмбебап корт орнатуға қаражат бөлінеді.

Жақында Майқұдықта ашылған № 14 мектептің айналасын жарықтандыру көзделген.

Қарағанды әкімінің м.а. Мейрам Кожуховтың айтуынша, келесі жылы осы ауданды абаттандыру қарастырылған. Әзірге кешкі уақытта патруль саны артады.

«Желіде автобус аз, кейбір шалғай аудандардан жету мүмкін емес» деп шағымданды жұртшылық.

Қарағанды автобус паркін жаңарту және кеңейту жұмысы тұрақты жүріп жатыр.

Кеше ғана QazTehna Саран зауыты сегіз автобусты «Таксокомбинат-1» ЖШС-не берді. Оларды № 7 және 01 маршруттарға жіберу жоспарлануда.

«№3 Автопарк Майқұдық қалалық маршруттарына тартылған 50 жаңа автобус алды. № 5 автопаркпен 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында жеткізілетін 50 автобус сатып алуға шарт жасалды. «Таксокомбинат» тасымалдаушысы қаңтар-ақпан айларында 32 жаңа автобустың жеткізілуін күтіп отыр», – деді Мейрам Кожухов.

Сондай-ақ, жаңа жылда ұзындығы 45,2 км 25 автожолды орташа жөндеу және 110 мың шаршы метр жолды ағымдағы жөндеу көзделген.

Пичугин көшесіндегі жол төсемі күрделі жөндеуден өтеді. Күнгей ш/а, Рабочий, Сахалин, ЖБИ кенттерінде ұзындығы 20 км жолды қырып, тегістеу жоспарланып отыр.

Нөсерлі кәріз желілерін тазалау және жөндеу жалғасады.

Өңір басшысы өтініштерді мұқият тыңдап, басқарма басшыларына барлық мәселені пысықтауды тапсырды.

2023 жылы ТКШ саласына, оның ішінде жылу электр станцияларының жағдайына көп көңіл бөлінеді.

«Қыс біздің осал тұстарымызды көрсетті, оларды шұғыл түрде жою керек. Біз жылу, су, электр және газбен жабдықтау секілді мәселелерді шешуге тырысамыз. Жол жөндеу, аулалар мен қоғамдық аумақтарды абаттандыру жалғасады», – деп атап өтті облыс әкімі.

Кездесу соңында Ермағанбет Бөлекпаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button