Хабар

Қарағанды қаласын екі күннен бері түтін тұмшалап тұр

Екі күннен бері Қарағанды қаласын қою түтін басып тұр. Тұрғындар «ауада ыс бар, демалу қиын» деп шағымдануда.

Қарағанды қаласын басқан қою тұман екінші күн болды сейілер емес. Күрделі метеорологиялық жағдайды экологтер күн тымық тұруымен байланыстырады. Оның үстіне соңғы күндері өңірде аяз күшейіп, жеке сектордағы үйлер пеш жағуын жиілеткен. Түні бойы көліктерін қыздыратын тұрғындар да көбейген. Нәтижесінде қала орталығын түтін алып кетті.

Қазір табиғат жанашырлары қоршаған ортаға таралып жатқан түтіннің құрамын анықтап жатыр.

«Біз негізінен ауаға таралатын шаң-тозаң мен күйенің мөлшерін анықтаймыз. Қазір мамандарымыз қаланың 6 нүктесінде ауа сынамасын алып жатыр. Нәтижесін қосымша хабарлаймыз», – деп түсіндірді Қарағанды облысының Экология департаменті басшысының орынбасары Дархан Есжанов.

Дереккөз: inform.kz

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button