Хабар

ҚТЖ пойыздардағы жоғарғы және төменгі орындар құнына қатысты шешімін өзгертті

“Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ пойыздардағы жоғарғы және төменгі орындарға әртүрлі тарифтер енгізу туралы шешімін өзгертті. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Жолаушылар тасымалы” АҚ бес коммерциялық пойыздың жоғарғы және төменгі орындарына жол жүру құнына сараланған тәсіл қолдану бойынша пилоттық жобаны жойды”, – деп хабарлайды “Қазақстан темір жолы” ҰК АҚ баспасөз қызметі.

Еске салайық, “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының баспасөз қызметі Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап кейбір коммерциялық пойыздардың төменгі орны 20 пайызға қымбаттайтынын мәлімдеген болатын.

“Жолаушылар тасымалы” АҚ 2023 жылдың 1 желтоқсанынан 28 ақпанына дейін Пилоттық режимде коммерциялық пойыздардағы жоғарғы және төменгі орындарға жол жүру ақысына аталмыш тәсілді енгізеді. Жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жолақы айырмашылығы 20 пайыз”, – делінген хабарламада.

Компания билет бағасын осылай өзгерту арқылы орындарды біркелкі бөлу және жолаушылардың төменгі орындарға сұранысын қанағаттандыруға болатынын түсіндірді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button