Хабар

Қарағандылықтарды плоггингке қатысуға шақырады

Қарағанды тұрғындарын плоггинг сериясына қатысуға шақырады. «Ассамблея жастары» РҚБ Қарағанды облысындағы өкілдігі салауатты өмір салтын және қоршаған ортаға қамқорлықты біріктіруді ұсынады.

Бірінші жүгіру жарысы Оңтүстік – Шығыста 16 сәуірде Достық үйі – Сарыарқа көшесіндегі гүлзар – Сарыарқа көшесіндегі тутұғыр – Достық үйі бағыты бойынша өтеді.

Қатысу үшін тіркелу қажет. Тіркелуден @assembly_jastary_saryarqa Instagram парақшасындағы таплинктен немесе jastary.kz сайты арқылы 15 сәуірге дейін өтуге болады.

Тіркелгеннен кейін ұйымдастырушылар тілек білдірушілерді топқа қосып, жүгірістің барлық егжей-тегжейін түсіндіреді.

Жиын сағат 11:00-де Достық үйінің жанында. Өзіңізбен бірге қоқыс қаптарын, қолғаптар және жақсы көңіл-күй ала келуіңіз керек.

«Есте сақта! Плоггинг – бұл жай ғана қоқыс жинау емес, сонымен қатар спорт. Сондықтан спорттық форма қажет. Ия, бұл біздің қоқыс емес, бірақ бұл біздің қала!», – делінген хабарламада.

Байланыс телефоны: +7-700-500-75-80 (Исса).

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button