“70 жылдан бергі рекорд”. Елордада биыл ауа райы ерекше жылы
Синоптиктер болжамынша, 2021 жылдың қаңтар айында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1-5 градусқа төмен болса, солтүстік-батыста, оңтүстік пен оңтүстік-шығысында тек жекелеген аудандарда нормадан төмен болды. Ал республиканың батыс аймақтарында және оңтүстігінде нормадан 1-2 градусқа жоғары.
“Қазгидромет” қаңтарда Қазақстанда өте аз мөлшерде қар түскенін хабарлады. Синоптиктердің мәліметінше, жыл басында Қазақстанда ауа райы 1-5 градусқа ғана суық болған.
Қаңтарда түскен қардың мөлшері бұрынғыдан әлде қайа аз. Республиканың солтүстік, шығыс, батыс, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын нормадан 1,3-2,4 есе көп болды. Жауын-шашын таралуы бойынша мұндай ауа райы 1985 және 1996 жылдары, ал температура бойынша 1998 және 2012 жылдары болған.
Синоптиктер болжамынша, 2021 жылдың қаңтар айында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1-5 градусқа төмен болса, солтүстік-батыста, оңтүстік пен оңтүстік-шығысында тек жекелеген аудандарда нормадан төмен болды. Ал республиканың батыс аймақтарында және оңтүстігінде нормадан 1-2 градусқа жоғары.
Желтоқсан аязы қаңтардың бірінші онкүндігінде сақталды, бірақ екінші және үшінші онкүндікте елордада түнде температура -10…-15 градусқа дейін көтерілді, тек кейбір күндерде -20…-25 градус шегінде аяз болды.
Айдың аяғында Орталық Азиядан келген жылы ауа массаларымен Қазақстан аумағында жылыну байқалды. Елордада 31 қаңтарда күндіз термометр көрсеткіші + 3,4 градусқа жетті. Рекордтық жылы ауа райы +5,0 градус. Соңғы рет мұндай құбылыс 1948 жылы байқалды.