Хабар

34 қарағандылық – марапат иегері

Қарағандыда Республика күніне орай салтанатты жиын өтіп, онда аймақтың дамуына үлес қосқан бірқатар қарағандылыққа мемлекеттік наградалар тапсырылды. Марапатты Мемлекет басшысының атынан облыс әкімі Жеңіс Қасымбек табыс етті. Салтанатты құттықтау сөзбен ашқан облыс әкімі ең әуелі аға буынға ақжарма тілегін білдірді. Олардың тәуелсіздік тұғырын нығайтудағы өлшеусіз еңбегіне тоқталды.

Еліміздің өркендеу жолын­дағы өңірдің әрбір тұрғынының үлесін мақтанышпен және асқан құрметпен атап өткім келеді. Әсіресе, ардагерлер қауымына шексіз ризашылығымды біл­діремін. Өз ісіне адалдықтың үлгісін көрсеткен сіздерге бас иемін, – деді Жеңіс Қасымбек.

Ел Президентінің Жарлы­ғымен мемлекеттік және қоғам­дық қызметтегі еңбегі, елдің әлеу­меттік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеу­лі үлесі, достық пен ынты­мақ­тастықты нығайтқаны үшін Қа­рағанды облысының 34 тұр­ғыны марапатталды. Олар­ға «Па­расат», «Құрмет», ІІІ дәре­желі «Еңбек Даңқы» ор­дені, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медалі, сондай-ақ «Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қай­раткері» құрметті атағы, Қазақ­стан Рес­публикасының Құрмет грамотасы табысталды. Мара­пат­тал­ғандардың қата­рында жұмыс­шылар, кә­сіп­­орын-ұйым бас­шы­лары, дәрі­герлер, спортшылар және өзге саланың да өкілдері бар.

Бұл – менің ғана емес, бар­лық әріптестерімнің еңбе­гін бағалау деп білемін. Біз, аға буын өкілдері үшін Респуб­лика күні – Қазақстан Рес­публикасы халқының бірлігі мен келісімінің нышаны, – дейді «Ерен еңбегі үшін» медалі иегері, Осакаров ауда­нының еңбек ар­дагері «Ря­бина» ҚБ төрағасы Вла­димир Кошевец.

Сонымен қатар салтанатты жиында хирург-онколог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Қани Мұ­сұл­манбековке, Қазақстан Рес­пуб­ликасының еңбек сіңір­­ген мәдениет қайраткері Рым­ба­ла Омарбековаға, Қара­ғанды облыстық олимпиадалық ре­зерв­тегі мамандандырылған ба­лалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ана­толий Степаненкоға «Қара­ғанды облысының Құр­метті азаматы» атағы берілді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button