Хабар

29 наурызда Enbek.kz порталында бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңкеге Қазақстанның 20-дан астам ірі жұмыс берушісі қатысады.

29 наурыз күні Enbek.kz электрондық еңбек биржасы алаңында тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бос жұмыс орындарының республикалық онлайн-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Жәрмеңкеге қатысуға Қазақстан өңірлерінен 20-дан астам ірі жұмыс беруші өтінім берген. Олардың арасында ERG, Polymetal International plc компаниялар тобының кәсіпорындары, “KAZ Minerals” ЖШС, “Электровоз құрастыру зауыты” ЖШС, “АК Алтыналмас” АҚ және басқалары бар.

“Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өз компанияларының онлайн-тұсаукесерін өткізеді, қолда бар бос жұмыс орындарын ұсынады және ең қолайлы кандидаттардың жеке базасын қалыптастырады. Өтініш берушілер өз кезегінде ұйымдардың HR-менеджерлерімен сөйлесе алады, әңгімелесуден өтіп, оларға қызықтырған сұрақтарын қоя алады” делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми хабарламасында.

Іс-шараға қатысу үшін Enbek.Tanda порталында арнайы бөліміне кіріп, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер туралы ақпаратпен танысу қажет. Кейін жұмыс іздеушілер қажетті қолжетімді бос жұмыс орындарын таңдап, оларға хабарласа алады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button