23 маусым – Қазақстан полициясы күні
Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты полиция қызметкерлерінің төл мерекесі аталып өтеді, деп жазады inform.kz.
1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» заңды қабылдаған еді. Бұл заң Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін айқындайтын алғашқы құқықтық акт болды.
2007 жылы 5 маусымда «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» ҚР Заңының қабылданғанына 15 жыл толуына орай, 23 маусым – Полиция күні болып бекітілді.
Қазақстан Полициясы күні – полиция қызметкерлері мен ардагерлерінің еңбегін ескеріп, оларға ризашылық пен алғыс сезімдерін білдіру күні. Бұл күні қызмет барысында қаза тапқан полицейлер еске алынып, іс-шаралар ұйымдастырылады. Мәселен, кеше Ұлытау облысы Ұлытау аудандық Полция бөлімшесінде қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлеріне мемориалдық тақта тасы ашылды.
Сонымен бірге, ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, полиция қызметіне келушілер қатары 4 есе артты. Бұл үшін қызметкерлердің алатын айлығын өсіру және басқа да көтермелеу шаралары қабылданған.