Хабар

2021 жылы бакалавриатқа 51 500, магистратураға 13 500 грант бөлінеді

Бакалавр грантын алу конкурсына қатысу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу сертификатын алған соң, үміткер өз еркімен тиісті базаға тіркелуі қажет.

“Магистратураға түсу үшін ҰБТ сияқты тестілеу форматына ауыстырғанымызға екі жыл болды. Әр университет тапсырмаларын өздері дайындап, тексеріп, шешімді өздері қабылдайды. Осы жылы да магистратураға түсу үшін онлайн форматтағы орталықтандырылған тестің нәтижесінде алған балына сәйкес грант ұтып алу мүмкіндігі бар”, – деді Білім және ғылым министрі Асхат Айтмағамбетов.

Министрдің сөзінше, өткен оқу жылында пандемияға байланысты 4 курс студенттері дипломды онлайн форматта қорғаған еді. Осы жылы да сол үрдіс сақталады. Студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқып жатыр. Кейбірі өз үйлерінде, кейбірі жатақханада жатыр. Оқытушылардың көбі онлайн сабақ беріп жатқандықтан, магистрлердің диссертациясы мен бакалавр студенттерінің дипломын қорғау электронды форматта өтеді.

“Былтыр онлайн форматта өткізгеннен кейін мөрдің болуын және қол қойылуын талап етеді деген сигналдар келген. Мұндай мәселелер туындамас үшін нормативтік-құқықтық актілерге өзгеріс енгізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Енді студент дипломдық жұмысын онлайн трансляция арқылы қорғаса, оған университетке қайтадан келіп, біреуден қол жинап, мөр қойғызу керек деген талап қойылмайды”, – деді БҒМ басшысы.

Министр атап өткендей, жуырда нақты диссертациялық кеңестің жұмысына қатысты өзгерістер енгізілді. Алдағы уақытта PhD докторлық дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмысты офлайн форматпен қоса онлайн форматта қорғау мүмкіндігі беріледі. Бұл – халықаралық тәжірибеден алынған шешім. Министр сапаның төмендемеуі үшін тиісті қағидаттар бекітілгенін айтты.

informburo.kz

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button