1°c болады: Синоптиктер күн суытатынын хабарлады
Қазгидромет 11-13 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын мәлімдеді. Синоптиктердің айтуынша, алдағы үш күнде ака температурасы 1 градусқа дейін төмендейді.
Болжамға сәйкес, апта соңында елдің солтүстігі, солтүстік-батысы, орталығы, шығысы және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында екпінді жел болып, оңтүстік-шығысы және шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
12 қыркүйектен бастап Қазақстан аумағында суық басталады. Жауын-шашын жаумайды, алайда батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, орталық пен шығыста ауа температурасы минусқа дейін түседі.
Республиканың батысында ауа температурасы түнде 1°C аяз бен 12°C жылы болады. Күндіз +15…+27°C-тан +20…+30°C-қа дейін көтеріледі.
Солтүстік-батыста ауа температурасы түнде +3…+13°C-тан 3°C аязға дейін төмендейді. Күндіз +12…+23°C жылы болады.
Солтүстікте және орталықта ауа температурасы түнде +3…+13°C-тан плюс 3°C және 5°C-қа дейін түседі. Күндіз +10…+20°C жылы болады.
Шығыста +5…+13°C жылудан 1°C…+10°C-қа дейін төмендейді, күндіз +17…+25°C-тан +10…+20°C-қа түседі.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде +4…+15°C, күндіз +19…+28°C болады.
Мегаполистегі ауа райы
Алматыда 11-13 қыркүйекте күн ашық, ауа температурасы +14…+25°C аралығында болады.
Нұр-Сұлтан қаласында 11-12 қыркүйекте күн бұлтты, жаңбыр жауады. 13 қыркүйекте күн бұлтты болады. Ауа температурасы +4°C-қа дейін төмендейді.
Шымкентте 11-13 қыркүйекте күн ашық, ауа температурасы +12…+29°C-ты көрсетеді.