16 жастан асқан студенттер мен мектеп оқушылары қоғамдық жұмыстарға шақырылады
Қарағанды қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналасуға өтінімдер қабылдайды. Жалақы – 108 430 теңге (аударымдарға дейін).
Қоғамдық жұмыстарға студенттер мен орта мектеп оқушылары (16 жастан бастап) демалыс уақытында, сондай-ақ кәсіпорынның тоқтап қалуына байланысты жұмыспен қамтылмаған адамдар мен жұмыссыздар қатыса алады. Жұмыс ұзақтығы 12 айдан аспайды.
Жұмысқа орналасу үшін қажетті құжаттар:
1. Жеке куәлік.
2. Оқу орнынан анықтама.
3. Ата-ананың жазбаша рұқсаты және оның қатысуы (егер 18 жаста болмаса).
4. 20 таңбалы банктік шот туралы банктік анықтама.
5. Еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса).
Толық ақпаратты 996-394, 996-493, 8-775-644-35-80 (WhatsApp) телефондары арқылы алуға болады. Жұмыспен қамту орталығының мекенжайы: Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 51/4.
czn_karaganda