Хабар

1-сынып оқушыларының бағдарламасына жаңа пәндер қосылды

Биылдан бастап бiрiншi сынып оқушыларының оқу бағдарламасына жаңа пәндер енгiзiледi.

Бұл туралы Астана қаласы Бiлiм басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев «2016-2017 оқу жылына дайындық» атты брифингте мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.

«Жаңа оқу жылында бiрiншi сынып оқушылары бiрыңғай оқу-әдiстемелiк кешен бойынша оқытылады. Олардың бағдарламасына «жаратылыстану» пәнi енгiзiледi. Бұл пән бұған дейiн 5-сыныптан бастап оқытылған. Сондай-ақ, «көркем еңбек» пәнi енгiзiледi. Бұл пән «бейнелеу өнерi» мен «еңбекке баулу» пәндерiнiң бiрiгуiнен пайда болды», – дейдi басқарма басшысы.
Сондай-ақ, оның айтуынша, 5-7 сынып оқушыларына «робототехника» элективтiк курсы енгiзiледi.
Айта кетейік, Астанада 2016-2017 оқу жылында жалпы бiлiм беретiн 94 мектеп жұмыс iстейдi. Олардың 83-i мемлекеттiк, 11-i жекеменшiк оқу орны. Оқушылар саны 129 мыңға жетедi деп болжанып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button