Хабар

1 шілдеден бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 50%-ын жеке инвесткомпанияға бере алады

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік кодекс аясында 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) салымшыларына өзінің зейнетақы жинақтары сомасының 50%-на дейін өзінің дербес таңдауы бойынша жеке басқарушы инвестициялық компанияларға беру құқығы беріледі. Бұл азаматтарға зейнетақы активтерін басқаруға қатысуға, өздерінің зейнетақы жоспарын құруға, жинақтарын инвестициялаудың балама саясатын таңдауға мүмкіндік береді.

Жинақтарды жеке басқаруға беру кезінде әртүрлі инвестициялық стратегияларды пайдалану салымшылардың тәуекелдерін әртараптандыруға, неғұрлым жоғары инвестициялық табыстылықты алуға және тиісінше зейнетақы жинақтарының ұлғаюына ықпал ететін болады.

Салымшы зейнетақы жинақтарын жеке басқарушы компанияға аударған кезде оның жинақтарын басқа басқарушы компанияға аудару не Ұлттық Банктің, яғни БЖЗҚ-ның басқаруына қайтару құқығы сақталады.

Мемлекет Ұлттық Банктің басқаруындағы, яғни БЖЗҚ-дағы жинақтар бойынша ғана зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік береді.

Инвестициялық портфельді басқарушының (бұдан әрі – ИПБ) басқаруына берілетін зейнетақы жинақтарының сақталуына салымшы таңдаған ИБП жауапты болады.

Жыл қорытындысы бойынша ИПБ алған номиналды табыс пен зейнетақы активтері табыстылығының ең төменгі мәні арасындағы теріс айырма туындаған жағдайда осы басқарушы компания аталған айырманы салымшыға өз қаражаты есебінен өтеуге міндетті.

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы БЖЗҚ-ға жүгінуі қажет.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button