Хабар

1 қыркүйектен бастап әскер қатарын 17 мыңға жуық жас жігіт толықтырады

Жылдың соңына дейін күзгі әскерге шақыру аясында әскер қатарын 17 мыңға жуық жас жігіт толықтырады. Бұл туралы ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру жұмылдыру жұмыстар департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов мәлім етті.

Қазақстан Президентінің 2021 жылғы ақпандағы Жарлығына сәйкес, биылғы 1 қыркүйектен бастап күзгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру іс-шаралары басталады.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес Қорғаныс министрлігінде өткен жылдармен салыстырғанда Қарулы күштерге әскерге шақырылушылардың санын кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланғанын айта өту қажет. Қолданыстағы заңға сәйкес, азаматтарды мерзімді әскери қызметке әскерге шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Жылдың соңына дейін жалғасатын күзгі әскерге шақыру кампаниясы барысында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіздері жоқ, жасы он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі 17 мыңға жуық жас жігіт толықтырады», – деді С. Жүсіпов Орталық коммуниткациялар қызметінде.

Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырып, қамтамасыз ететін азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі. Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін запасқа шығару олар әскерге шақырылған күннен бастап 12 ай өткеннен кейін жоспарлы түрде жүргізіледі.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button