Хабар

Әлеуметтік төлемге өтініш беріп, теріс жауап алған қарағандылықтар үмітсіз қалмауы тиіс

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары 42 500 төлемін ала аламаған әрбір жағдайды анықтап, жеке талданатынын жеткізді. Егер өтінімді негізсіз немесе қате қабылдамаса, шешім қайта қаралады.

Бүгінгі таңда ең өзекті мәселелердің бірі төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған отбасылардың 42 500 теңге көлемінде жәрдемақыны алуы. Ол жайлы, әлі де көптеген сұрақтар келіп түсіп жатыр, – деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов брифинг барысында.

24-ші сәуірге дейінгі мәліметтерге сүйенсек, Қарағанды облысы тұрғындарынан 475 587 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 202 842 адамға төлеуден бас тартылса, 244 541 тұрғынға төлем тағайындалды.

«Кейбіреулер өтінімді себепсіз қабылдамады деп санайды. Барлық мәселелерді біз талдап, зерттеп жатырмыз. Біреулер екі жерде жұмыс істейді, сол себепті олардың өтініштері қабылданған жоқ. Күн сайын Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен байланыс ұстап отырмыз. Вице-премьер Ералы Тоғжанов барлық қабылданбаған өтініштер бойынша қайта тексеру жүргізуді тапсырды. Яғни барлық негізсіз бас тарту бойынша тиісті шешім қабылданатын болады», – деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов.

Қосымша сұрақтар туындап жатса, облыс әкімінің орынбасарына келесі телефон нөмірі бойынша тікелей хабарласуға болады: (8-7212) 50-15-23.

Сондай ақ, Абзал Нүкенов осы мәселе бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне телефон арқылы немесе электрондық пошта арқылы хабарласуды өтінді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button