Әлемде әр алтыншы адам бедеуліктің зардабын тартып отыр – ДДҰ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) кеше жариялаған жаңа есебіне сенсек, бедеулікке тап болған адамдардың саны өте көп. Бедеуліктен ересек адамдардың шамамен 17,5%, яғни әлемдегі әрбір алтыншы адам зардап шегеді, деп хабарлайды ДДҰ ұйымының жаңалықтар қызметі.
Жаңа деректер әлемнің әртүрлі аймақтарында бедеуліктің таралу көрсеткішінде айтарлықтай айырмашылық жоқтығын көрсетті.
Табысы жоғары, орташа және төмен елдерде көрсеткіш ұқсас, бұл бедеуліктің барлық елдер мен барлық аймақтар үшін медицинаның маңызды проблемасы екенін білдіреді.
Проблеманың ауқымына қарамастан, бедеуліктің алдын алу, диагностикалау және емдеу әдістері, соның ішінде экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) сияқты көмекші репродуктивті технологиялар жоғары бағаға, оған қатысты әлеуметтік стигмаға байланысты жеткіліксіз қаржыландырылған және көп адам үшін қолжетімді емес.
Қазіргі уақытта көп елдерде бедеулікті емдеу адамдардың өз қаражаты есебінен жасалады, бұл – айтарлықтай шығын.
Ауқатты елдердің тұрғындарымен салыстырғанда, кедей мемлекеттердің халқы бедеулікті емдеуге табысының едәуір бөлігін жұмсайды.
Мұндай қомақты шығынды көтеру қажеттігі емделуге мүмкіндік бермейді немесе керісінше, медициналық көмекке жүгіну нәтижесінде оларды кедейлікке душар етеді.