Новости

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!

«Новое Телевидение» телеарнасының және «Жаңа FM» радиосының ұжымы барлық Қазақстандықтарды келіп жеткен Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтайды!

Халқымызда ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңитін кезеңі – наурыз мейрамы болып қалыптасып кетті. Наурыз мерекесі баршаңыздың өмірлеріңізге жаңа да, жақсы өзгерістер әкелсін.

Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button