Хабар

Үш айда Қазақстанға 7,6 мың адам көшіп келген

Бірінші тоқсанда Қазақстанға өзге елдерден 7,6 мың адам көшіп келсе, 2,6 мыңы көшіп кеткен, деп хабарлайды novoetv.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Аталған кезеңде ел ішіндегі миграция 10,9% артты.

«Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Алматы (6 782 адам), Астана (6 443 адам), Шымкент (241 адам) қалаларында және Алматы облысында (223 адам) халық көші-қонының оң сальдосы қалыптасты. 2023 жылғы қантар-наурызда елге көшіп келгендер саны 7 680 адамды, елден кеткендер саны 2 664 адамды құрады.

Көші-қон сальдосы 5 016 адамды құрады.

2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 87% өсті, ал шығып кеткен 49,6% азайды.», – делінген мәліметте.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында жүрген. Достастық елдерінен келгендердің үлесі – 90%, ал сонда кеткендердің үлесі – 69,5%.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button