Новости

Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы сот отырысынан кейін алғаш рет сұхбат берді

Ресейлік блогер Наталья Грейске берген сұхбаты жария болды.

Альмира Бишімбаева ұлын “ана ретінде қолынан келгенше қорғап жүргенін” айтып, көзіне жас алды.

“Әрине, бұл өте ауыр трагедия. Салтанатты ата-анасын түсінемін. Үйімізде үлкен трагедия. Әлеуметтік желіде негатив материал көп. Бірақ жақсы адамдар да көп. Жағалауда жүрген кезімде шамамен 40 жастағы әйел келіп, “апай, сіз Қуандық Бишімбаевтың анасысыз ғой? Бекем болыңыз, біз сізді түсінеміз, сізді қолдаймыз” деді.

Бишімбаевтің әкесіде пікір білдірді.

“Иә, ол кінәлі, ол жазалануы керек. Біз үшін бұл үлкен трагедия. Себебі Салтанат та біздің отбасымыздың мүшесі. Өз қызымыздай қарайтынбыз. Олар бақытты болғысы келді, бір-бірін жақсы көретін. Қуандықпен арасында сөзге келіспей қалатынбыз, бірақ ешқашан қол көтерген емеспін. Бұл біздің отбасымызға жат дүние”, – дейді Уәлихан Бишімбаев.

Салтанатты өлтіру ойда болмағанын айтты.

“Ең біріншіден, Қуандықта Салтанатты әдейі өлтіруге себеп болған жоқ. Ол Салтанатты жақсы көретін. Ол өте мейірімді, қамқор адам. Әдейі қаскөйлікпен өлтіруі мүмкін дегенмен ана ретінде келіспеймін”, – дейді Альмира Бишімбаева.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button