Хабар

Қазақстандықтар қаржы жинақтарын қалай сақтағаны дұрыс – маман кеңесі

Экономист Бауыржан Исабеков жинаған қаражатты қалай үнемдеу, тіпті кей жағдайда оны көбейтуге қатысты кеңес берді.

«Бүгінде ақшаны бірнеше валютада сақтауға кеңес берер едім. Бірақ рубльге абай болу керек. Өйткені ресми бағамы бір, ал қара нарықтағы бағамы мүлдем басқа. Бірнеше валютаның болуы жинағыңызды қауіпсіз және тұрақты етеді. Жинақты тең бөліктерге бөлуге кеңес беремін. Айталық, адам доллар, еуро, теңге және алтынға иелік етеді делік. Олардың соңғысы қауіпсіз инвестиция болып саналады. Сарапшылар бір валюта құлдыраса да, екіншісі қымбаттайды деп есептейді. Мұндай жағдайда адам ақшасыз қалмайды», – деді Бауыржан Исабеков.

Оның айтуынша, егер жинақты ұсынылған инвестиция түрлеріне ұтымды бөлсе, онда қолда бар қаражат үнемделеді әлі ұлғая түседі.

«Сонымен қатар ақша эквивалентіне назар аудармауға және үнемдеудің басқа жолдарын қарастыруға кеңес беремін: жылжымайтын мүлік, акциялар, облигациялар, бизнес, даму. Егер IPO-ға шығарылған ұлттық компаниялардың акцияларын сатып алсаңыз, онда олар да 17-20 пайыз пайда әкелуі мүмкін», – деді Бауыржан Исабеков.

Дереккөз: inform.kz

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button