Хабар

Қазақстанда жылжымайтын мүлік бағасы төмендей бастады – Сарапшы

Мамыр-маусым айларында тұрғын үй бағасының қымбаттау қарқыны азая бастаған.

Қазақстанда баспана бағасы тұрақтанып келеді. Бұл туралы Қазақстан риэлторларының біріккен қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко мәлімдеді.

“Мәмілелер санының азаюына байланысты бағаның тұрақтануы сөзсіз. Айта кету керек, сатушы сатып алушымен объектінің құны туралы келіссөздер жүргізуге дайын болған жағдайда мәмілеге келеді. Бұл әр шаршы метр бағасының ай сайын өсуінен анық көрінеді”, – деді Нина Лукьяненко ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Сарапшының айтуынша, жыл басынан бері баға ай сайын 2,1-5,5 пайызға өсіп отырса, мамыр-маусым айларындағы баға тұрғын үйдің жаңа немесе ескі болуына байланысты 0,4 пайыздан 1,7% пайызға дейін өскен.

“Егер ай сайынғы инфляция деңгейін ескеретін болсақ, жылжымайтын мүлік бағасы төмендей бастады деп қорытынды жасауға болады”, – деп атап өтті сарапшы.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button