Хабар

Қазақстанда жануарларды қорғауға арналған жедел желі іске қосылды

Экология және табиғи ресурстар министрлігі жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты «жедел желі» жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Жануарларға жауапкершілікпен қарау бойынша «жедел желі» іске қосылды.

«Жануарларға қытегездік танытқан фактілер анықталған жағдайда +7 (777) 195 99 00 (WhatsApp) нөміріне хабарлауды сұраймыз», делінген министрлік хабарламасында.

2022 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң күшіне енді.

Аталмыш заң келесі принциптерге негізделеді:

иесінің жануардың өмірі, денсаулығы және амандығы үшін жеке жауапкершілігі;
жануарларды қатыгездіктен қорғау;
халықты жануарларға адамгершілікпен және мейіріммен қарауға тәрбиелеу.

Сонымен қатар құжатта халықты жануарларға жауапкершілікпен қарау, жануарларға қатыгездікті насихаттауға тыйым салу тұрғысынан оқыту мен тәрбиелеу қарастырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button