Хабар

Қазақстанда жүргізуші куәлігін көрсету міндетті емес – Президент заңға қол қойды

ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Мемлекет басшысының жаңа бастамалары аясында жақын арада бірқатар басқа да заң жобалары әзірленетінін айтты.

«Ұлттық кеңестің жүзеге асырылған бастамалары портфелінде тағы бір заң бар. Бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Жаңа нормаларға сәйкес, қазақстандық жүргізушілер енді өзімен бірге тек жеке куәлігін алып жүрсе жеткілікті», – деп жазды Е. Қарин Telegram каналында.

Оның айтуынша, 2019 жылдың 20 желтоқсанында Ұлттық кеңестің екінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет осы бастаманы жариялаған болатын. Осы арқылы бүгінгі заң Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің аясында қабылданған 12-ші құжат.

«Қазіргі кезде тағы 7 заң жобасы қарастырудың түрлі сатысында тұр. Осыған дейін жарияланған жаңа бастамалар аясында жақын арада бірқатар басқа да заң жобалары әзірленеді», – деді Ерлан Қарин.

Еске сала кетейік, 21 қаңтарда Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды.

Заңда Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлікті өзімен бірге алып жүруді талап ететін норманы қолданыстағы заңнамадан алып тастау ескерілген. Яғни, автокөлік иесін полиция тоқтатқан кезде, ол жеке куәлігін ұсынып, сол жеке куәлікпен полиция қызметкері планшет арқылы электрондық базада оның қажетті құжаттары бойынша тексеру жүргізе алады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button