Хабар

Қазақстанда ІІМ оқу орындарына қабылдау ережелері өзгереді

ҚР ІІМ жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын ҚР Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар дайындады.

Атап айтқанда, «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңға сәйкес 35 жастан асқан азаматтарды оқуға қабылдауға шектеу енгізіледі.

ІІМ арнаулы оқу орындарына қысқартылған оқу мерзімі бар білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқуға даярлаудың заңды бағыттары бойынша жоғары білімі бар адамдарды қоспағанда, жоғары білімі бар ҚР азаматтары қабылданады.

ІІМ арнаулы оқу орындарына қысқартылған мерзімді білім беру бағдарламалары бойынша қашықтан оқытуға даярлаудың заңды бағыттары бойынша жоғары білімі бар адамдарды қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері қабылданады.

Конкурстық іріктеу кезеңдерін жүйелеу үшін толықтыру енгізіледі, оған сәйкес арнаулы оқу орындарына оқуға кандидаттарды қабылдау конкурстық негізде төрт кезеңде жүргізіледі:

1 – кезең: ӘДС қағидаларына сәйкес оқуға кандидаттарды түпкілікті медициналық куәландыру;

2 – кезең: Кандидаттарды дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу;

3 – кезең: Кандидаттарды кәсіби іріктеу;

4-кезең: Конкурстық іріктеу және арнайы оқу орнына қабылдау.

Іріктеудің жаңа кезеңдерінің енгізілуіне байланысты қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібіне нақтылаушы түзету енгізіледі.

Сонымен қатар, бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуға үміткерлерді сапалы іріктеу үшін іріктеудің қосымша кезеңдерін қамтитын жаңа формат енгізіледі: эссе жазу, әңгімелесуден өту, IQ-тест, сондай-ақ жеке тұлғаның психологиялық типін анықтауға тестілеу.

ІІМ-де айтылғандай, бұл кандидаттың ой-пікірін логикалық және дәлелді түрде баяндау дағдыларын, зияткерлік қабілеттерін, уәждемесін, көшбасшылық әлеуетін, ойлау мәдениеті мен коммуникативтік дағдыларын меңгеру деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Іріктеудің жаңа кезеңдерінің енгізілуіне байланысты эссе жазу мен әңгімелесуден өту нәтижелерін қабылдау комиссиясы төрағасының бұйрығымен құрылатын арнайы комиссиялар бағалайтын болады.

Кандидаттарды оқуға қабылдау туралы шешімді түпкілікті медициналық тексеру нәтижелері, дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру және қорытындылау арқылы алынған жалпы балл негізінде қабылдау ұсынылады: ҰБТ балдары, эссе, әңгімелесу нәтижелері.

Құжат «Ашық НҚА»(https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14129468) сайтында 4 шілдеге дейін орналастырылған.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button