Хабар

Қазақстанда қанша Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері бар?

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов айтты.

Осы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғысының 665 ардагері және 113 555 соғыс мүгедектері мен Жеңіске жетуге үлес қосқан басқа да азаматтар өмір сүреді, – деді ол.

Вице-министр қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атынан баршаңызды келе жатқан жарқын мереке – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер, – деп атап өтті Ерлан Әукенов.

Ол әр адамның міндеті – өз елінің тарихын білу және құрметтеу. Жеңісті барлық ұрпақтың жарқын болашағы үшін жақындатуда майданда соғысқан және тылда еңбек еткен ардагерлеріміздің ерліктерін ұмытпау екенін атап өтті.

Соғыс кезінде 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық майданға шақырылды, 20-дан астам атқыштар дивизиялары және басқа да құрылымдар құрылды. Әскери қызметтері үшін жүздеген мың қазақстандықтар медальдар мен ордендермен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Төрт қазақстандық екі рет Батыр атанды, 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды, – деп түсіндірді Еңбек министрінің өкілі.

Қолына қару алған әрбір екінші қазақстандық Жеңіс үшін жанын берді – олар шайқаста қаза болды, жаралар мен аурулардан қайтыс болды және хабарсыз кетті. 630 мың адам тұтқыннан оралмады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button