Хабар

Қазақстанда қандай мамандық иелері тапшы

Елімізде қазір қай мамандық иелері тапшы және болашақта қандай мамандар сұранысқа ие болады? Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов мәлім етті.

«Жалпы, еңбек нарығы жылдам өзгереді. Ол экономика және технологияның дамуымен байланысты. Өздеріңіз білетіндей, пандемия кезінде еңбек нарығы күрт өзгерді. Пандемияға дейін үйде отырып жұмыс істейміз деп кім ойлапты? Сондықтан, біз еңбек нарығында қандай мамандықтар сұранысқа ие немесе тапшы екенін қадағалаймыз. Статистика бар. Қазір елімізде мектепке дейінгі білім беру ұйымы мамандары және мектеп мұғалімдері тапшы. Себебі, жыл санап ашылып жатқан балабақшалар мен мектептердің саны артып келеді. Екіншіден, ауыл шаруашылығы саласы мамандары тапшы», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов ОКҚ-де өткен брифингіде.

Одан бөлек, вице-министр елімізде IT және құрылыс мамандарының да тапшы екенін тілге тиек етті.

«Біздің министрлік жаңа мамандықтар атласын жасады. Оған сәйкес алдағы жылдары киберқауіпсіздік, денсаулық сақтау, өнер және білім беру мамандары сұранысқа ие болады», – дейді ол.

Айта кетсек, еңбек министрі орынбасары Ербол Оспанов мәлімдегендей, қазір елімізде 39 мың Ресей азаматы жұмыс істеп жатыр.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button