Хабар

Қазақстандағы ата-аналардың 62%-ы өз балаларын тәрбиелеуге қатыспайды – сауалнама

Қазақстан мешіттерінде үйленгісі келетін жандарға арналған некеге дейінгі кеңес беру материалдары таратылды. Бұл туралы БҰҰ Халықтың қоныстану саласындағы қорының (ЮНПФА) Қазақстандағы өкілдігі хабарлады.

Басылымды ЮНФПА Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының мақұлдауымен әзірлеген және 80 000 анықтама Қазақстанның барлық аймақтарындағы мешіттерге таратылған.

Материалдар ерлі-зайыптыларға рухани және отбасылық құндылықтарға, ислам ережелеріне, сондай-ақ мемлекеттік және халықаралық адам құқықтары стандарттарына сәйкес отбасын құруға көмектеседі.

«Діни көшбасшылар репродуктивті денсаулықты нығайтуға, оның ішінде отбасын жоспарлауға, гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алуға және оған ден қоюға, сондай-ақ ерте жастағы мәжбүрлі неке сияқты зиянды практикалардың алдын алуға ықпал ететін қоғамдастықтар деңгейінде адам құқықтарын ілгерілетуде үлкен рөл атқарады», – деді ЮНФПА-ның халықты қоныстандыру, дамыту және гендерлік мәселелер жөніндегі ұлттық үйлестірушісі Ғазиза Молдақұлова.

Ұйымның хабарлауынша, 2020 жылғы «Қазақстандық отбасылар» ұлттық баяндамасында әрбір үшінші неке бұзылып, әрбір алтыншы отбасы балалы бола алмайтыны, ал ата-аналардың 62%-ы өз балаларын тәрбиелеуге қатыспайтыны жазылған. Отбасындағы зорлық-зомбылықты сол сауалнамаға жауап берушілер ажырасу туралы шешім қабылдаудың ең маңызды факторы деп атаған. Әзірленген материалдар исламда некеге тұру шешімі қабылдаған кезде ерлер де, әйелдер де қабылдауы керек өзара қолдау мен жауапкершілік туралы практикалық ақпаратты қамтиды.

«Зорлық-зомбылықсыз, отбасын жоспарлау, жауапты ата-ана болу және исламдағы басқа да өмірлік маңызды салаларды, олардың ұлттық және халықаралық құжаттарда бекітілген адам құқықтарының негізгі қағидаттарына қалай негізделгенін білу ерлі-зайыптыларға сүйіспеншілікте, өзара құрмет пен түсіністікте өмір сүруде басты рөл атқарады», – деді ЮНФПА-ның Қазақстандағы өкілі және Қырғызстан мен Түрікменстандағы елдік директоры Джулия Валезе.

Айта кетейік, материалдар мешіттерде некеге тұрған ерлі-зайыптыларға беріледі.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button