Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Путинге хабарласып көңіл айтты.
Дағыстандағы теракт
Қаулыға өңір басшысы Сергей Меликов қол қойған. 24, 25 және 26 маусым күндері аза тұту күні болып жарияланды. Аза тұту күндері республиканың барлық аумағында мемлекеттік тулар төмен түсіріледі. Дағыстанда орналасқан мәдениет мекемелері мен телерадиокомпаниялар барлық ойын-сауық іс-шаралары мен хабарларын тоқтатады. Дағыстан республикасының үкіметіне қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылдау тапсырылды. Дағыстан Республикасы бойынша ІІМ республиканың бірнеше қаласында жасалған бірнеше террористік актілердің салдарынан алты полиция қызметкері қаза тапқанын хабарлады. Полицейлер шабуыл жасалған шіркеудің діни қызметкерлері қаза тапқанын растады.
Республикада жедел штаб құрылды. Ресейдің ұлттық Терроризмге қарсы комитеті Дағыстанда терроризмге қарсы операция режимі енгізілгенін хабарлады: республикаға кіру және шығу жабық.
Құқық қорғау органдары екі содырдың өлтірілгенін де хабарлады. Ресейлік Telegram-арналарының мәліметінше, Дербент көшелерінде атыс қайта басталды. Қала тұрғындарынан үйде болуды, есіктерді жабуды және терезелерге жақындамауды сұралды. Махачкала мен Дербентке шабуыл жасағандар – халықаралық террористік ұйымның жақтаушылары, деп хабарлады құқық қорғау органдары.