Хабар

Қарағандылықтарға трекер мамандығын тегін оқу ұсынылады

“Террикон алқабы” IT-hub-ы 25 ақпанда “Трекер мектебі” курсын бастайды. Қарағандылықтарға жаңа мамандық негіздері тегін оқытылатын болады.

Трекер – стартаперлердің тәлімгері. Мұндай маман тәуекелдерді талдауға және азайтуға, топтың жұмысын бақылауға көмектеседі және бизнесті кеңейтуге консультациялық қолдау көрсетеді.

Қатысушылар екі күнде мамандық туралы негізгі білім алады. Олардың ішінде:

– трекердің жұмысы қандай;

– стартапты зерттеуді қалай жүргізу керек;

– Lean Startup;

– HAD-циклдары;

– гипотезалар;

– customer development дегеніміз не;

– нарық пен бәсекелестерді талдау;

– жобаның диагностикасы және стратегиясы;

– командамен жұмыс;

– бақылау әдістемесі;

– трекердің өзін-өзі дамыту механикасы.

Жоба трекерлері:

Данил Коновалов – HRD және PIM Solutions компаниясының өнімді басқару офисінің жетекшісі. 2GIS, Allegro mail.ru e-commerce Group, Совкомбанк, Unilever және т.б. стратегия құру және негізгі персоналды дамыту жобаларында жұмыс істеді.

Богдан Одарченко – 2UP GROUP СЕО, РЭКҚ (Ресей электрондық коммуникациялар қауымдастығы) кластерінің жетекшісі, Южный ІТ-парк, интернет-бастамаларды дамыту қорының (ФРИИ) сертификатталған трекері.

“Сбер”, “Газпромнефть”, ВТБ, “Альфабанк”, “Мегафон” және т. б. компанияларда стартаптарға, 300+ ассессменттерге және өнімдерге 1000 + диагностика жүргізген.

Курс кімге қажет:

– жаңа мамандықты игеріп, трекер болғысы келетін мамандар. Курстың үздік қатысушыларына одан әрі жұмысқа орналасу ұсынылады;

– өз бизнесіне басқаша қарағысы келетін кәсіпкерлерге;

– стартаптардың дамуына көмектесетін адамдар;

– бизнесті дамытудың жаңа бағыттарын іздейтін компаниялардың қызметкерлеріне.

Қатысушыларда жоғары білімнің болуы міндетті.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Мекен-жайы: “Террикон алқабы” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button