Қарағандылық оқушылар жасанды интеллект бойынша халықаралық байқауда жеңіске жетті
Қарағанды қаласының № 2 лицейінің он бірінші сынып оқушылары Даниил Кикимов пен Вадим Мажитов Artificial Intelligence Journey жасанды интеллект және деректерді талдау бойынша халықаралық конференциясында сенімді жеңіске жетті. Зияткерлік жарыс Мәскеуде өтіп, 100 елден 25 мыңнан астам оқушы жиналды.
Вадим Мажитов пен Даниил Кикимовтың жобасы «Білім берудегі жасанды интеллект» номинациясы бойынша үздік деп танылды. Олар жасаған алгоритм мектеп міндеттерін оқушының қызығушылығына қарай жіктеуге мүмкіндік береді.
«Біз мектеп тапсырмаларының мәтіндерін мағынасын бұрмаламай өзгерте алатын және оны белгілі бір оқушының қалауына сәйкес жасай алатын алгоритм жасадық. Мысалы, велосипедші мен моторист туралы тапсырмалардың орнына бұл жануарлар немесе ғарыш құрылғылары туралы тапсырмалар болуы мүмкін. Әр кілт сөз үшін бірнеше сөз таңдалады, олар тапсырманың жаңа нұсқасында ауыстырылады. Модель мәтінді талдайды және сөздердің формаларын екі рет тексереді: етістіктер етістіктерге, зат есімдер – зат есімдерге ауысады. Бұл ретте біз кодтың сапасына және мәселені шешу техникасына ерекше назар аудардық», – деді Artificial Intelligence Journey жеңімпаздары.
Вадим мен Даниил олардың тапсырмаларды жекелендіру алгоритмі оқыту тиімділігін кем дегенде 10-15% арттырады деп санайды.
Конференцияға Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин қатысты. Ол қарағандылық оқушылардың жобасын атап өтті.
“Егер адамда зерттейтін пәнге және кез-келген жаста қызығушылық болса, онда нәтижеге қол жеткізілетініне сенімді бола аласыз. Менің түсінуімше, сіздердің дамуыңыз мотивацияны, қызығушылықты арттыруға бағытталған. Бұл керемет!” – деді Владимир Путин.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша