Хабар

Қарағандыда жатақхана мен мектеп салатын инвесторлар іздестіріліп жатыр

Қарағанды облысында жатақханаларда 1 200-ге жуық орын және мектептерде 2 000-ға жуық орын жетіспейді. Білім және ғылым министрлігінің қаржы орталығы бұл мәселені жатақхананы немесе мектепті салғаннан немесе қайта құрғаннан кейін инвестициялық шығындар өтелетін жеке құрылыс салушыларды тарту арқылы шешуді ұсынады.

Қаржы орталығының жобаларына қатысу үшін кәсіпкерлер мектеп немесе жатақхана салынатын жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттармен бірге өтініш беруі не бұрыннан бар ғимаратты реконструкциялау жобасын ұсынуы қажет.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте «Қаржы орталығы» АҚ менеджері Арнай Смағұлов мәлім етті.

«Қаржы орталығымен келісімшарт жасасқаннан кейін, құрылыс салушы бір жыл ішінде ғимарат салуға немесе оны қайта құруға міндетті. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін мемлекет онда тапсырысты орналастырады, оның жыл сайынғы мөлшері – жатақхана құрылысы кезінде 122 АЕК, реконструкциялау кезінде – бір студентке 47 АЕК; мектеп салу кезінде – 96 АЕК, реконструкциялау кезінде – 47 АЕК. Сондай-ақ мектепті пайдаланудың барлық кезеңіне әрбір білім алушы үшін операциялық шығындар өтеледі. Жалпы мемлекеттік тапсырыс 8 жыл мерзімге және төлем ай сайын жасалады», – деп атап өтті Арнай Смағұлов.

Білім саласындағы мемлекеттік қолдаудың басқа шаралары туралы мына сілтеме арқылы білуге болады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button