Хабар

Қарағанды облысының білім басқармасы балабақшалардың жұмысы туралы ата-аналардың адал пікірлерін жинайды

Қарағанды облысының білім басқармасы Colibri мобильді қосымшасының көмегімен мектепке дейінгі мекемелердің жұмысы туралы ата-аналардың адал пікірлерін жинауды іске қосады. Бұл жоба қоғамдық болып табылады және бюджеттік қаражатты қажет етпейді. Қосымша AppStore, PlayMarket және colibri24.kz сайтында қол жетімді.

Colibri балабақшалардың жұмысын тамақтану сапасынан бастап үй-жайлардың тазалығына дейін 10 критерий бойынша бағалауға мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі ұйымдарды бағалау Colibri-де қазірдің өзінде қолжетімді. Шілде айында қосымша пилоттық режимде жұмыс істейтін болады, ал 1 тамыздан бастап жоба облыстың барлық 533 мектепке дейінгі ұйымдары үшін іске қосылады.

Балабақшалар пікірлер мен рейтингтердің авторлары туралы деректерге қол жеткізе алмайды.

«Біз балабақшаларда ашықтықты қамтамасыз ету және бәсекелестік ортаны құру жөніндегі жұмысты жалғастырудамыз. Ата-аналардың адал пікірлері тура сондай басқа да ата-аналарға балалары үшін жақсы балабақшаны таңдауға көмектеседі. Біз мектепке дейінгі мекемелердің ата-аналармен байланыс орнатқанын, сапа мен қоғамдық бағалау мәселелері – бұл ашық ақпарат екенін түсінгенін қалаймыз. Айталған сын пікірлерді жұмысты жетілдіру үшін қабылдау қажет. Құрметті ата-аналар, сіздерден объективті болып, белсенділік танытуларыңызды сұраймыз. Сіздердің бағаларыңыз бен пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды», – деп атап өтті білім басқармасында.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button