Хабар

Қарағанды облысының үш ауылында төтенше жағдай жарияланды

Ұлытау ауданының үш ауылдық округінде – Жангелді, Ақтас, Амангелді – дала табиғи өрттерінен ТЖ режимі жарияланды. Сондай-ақ залалды бағалау жөніндегі комиссия құрылды.

Ұлытау, Қарқаралы, Осакаров, Бұқар Жырау, Шет, Нұра аудандары мен Қаражал қаласының аумағында 17 жану ошағы бақылауға алынды.

Оқиға орнында тәулік бойы 70 бірлік техника, ТЖД 350-ден астам қызметкері мен еріктілер жұмыс істейді.

17 дала өрттерінің 10-ы жойылды (оның үшеуі Ұлытау ауданының аумағында, екеуі Бұқар Жырау ауданының аумағында, біреуі Шет ауданында, екеуі Нұра ауданында, біреуі Осакаров ауданында және біреуі Қарқаралы ауданының аумағында). Екі дала өрті және бес дала жануы бақылауда.

Жеке құрамды табиғи өрт ошақтарын сөндіру орындарына жедел жеткізу үшін “Қазавиақұтқару” АҚ “МИ-8” тікұшағы жіберілді, сондай-ақ өрт сөндіру бойынша топтаманы күшейту үшін Қарағандыдан 40 адам және үш бірлік техника (екі вахтовка және командалық-штабтық машина) шықты. Жаңаарқа кентінен 10 тонналық автоцистерна жіберілді.

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметтері, сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары мен ТЖД бастығы жағдайды жедел бағалау және өрттерді сөндіруге жұмылдырылған күштер мен құралдарды басқару үшін өрт болған жерлерге ұшып шықты.

Қарағанды облысы ТЖД жедел штабының ақпараты бойынша

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button