Хабар

Қарағанды облысында жыл соңына дейін 700 мың адамға вакцина салу жоспарлануда

Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация 1 ақпанда басталды. Бүгінгі таңда 700-ге жуық адам екпе алды. Бұл медицина қызметкерлері. Жыл соңына дейін 700 мыңға жуық тұрғынды вакцинациялау жоспарлануда.

Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай және вакцинация науқаны туралы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында тікелей эфирде өткен брифингте айтып берді.

«Қарағанды облысы «жасыл аймаққа« оралды. Эпиджағдай тұрақты деп бағаланады. Өткен аптада 418 науқас анықталды, оларда ауру зертханалық диагностикалық әдіспен расталды. 21 мың адам тестілеуден өтті», – деді спикер.

COVID-19 вакцинациясы үшін облыс бойынша 115 егу кабинеті ашылды. Вакцинаны тасымалдау және сақтау қауіпсіздігі үшін қажетті жабдықтар сатып алынды.

Әрбір егу кабинетінде бейнекамералар орнатылған. Олар онлайн режимінде болып жатқанның бәрін таратады.

Басқарма басшысының айтуынша, вакцинация көлемі ай сайын артатын болады.

«Бір жыл ішінде облысымыздың 700 мыңнан кем емес тұрғынын вакцинациялау жоспарлануда. Қазақстанда 2021 жылдың соңына дейін барлығы 6 млн адамды егу көзделіп отыр. Коронавирустық инфекция вакцинамен тежелетін инфекцияларға жатады. Вакцинация – бұл барлық шектеулерді алып тастауға және дәстүрлі өмір салтына оралуға мүмкіндік беретін жалғыз әдіс», – деді Ержан Нұрлыбаев.

Ол вакцина туралы жалған хабарламалар мен күмәнді хабарламаларға бой алдырмауға және ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Бұған дейін хабарланғандай, Қарағанды фармацевтикалық кешенінің (ҚБК) базасында технологиялар трансферті бойынша «Спутник V» коронавирусына қарсы ресейлік вакцинаны шығару туралы шешім қабылданды. Техникалық аудит алаңның дайындығын растады.

Ынтымақтастық туралы келісімге ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РФПИ) қол қойды. Кешен базасында Ресейден жеткізілетін субстанциядан кезең-кезеңімен вакциналардың екі миллион дозасы өндіріледі деп көзделіп отыр.

ҚФК келісімшарттық өндіруші ретінде әрекет етеді. Лицензиялар мен ноу-хаудың иесі – РФПИ. Кешен зертханаларында және вакцина әзірлеушісі Гамалея атындағы Мәскеу ҒЗИ-да сапаны екі мәрте бақылау көзделген.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button