Хабар

Қарағанды облысында санақ қалай жүргізіледі

1 қыркүйектен бастап Ұлттық халық санағының негізгі кезеңі басталады.

Онлайн режиміндегі аппараттық кеңесте бүкіл ел үшін маңызды іс-шараға дайындық барысы талқыланды.

Санақтың дайындық кезеңі 31 маусымда аяқталды. Статистика департаментінің интервьюерлері барлық тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды аралап шықты. Олар облыста тұратындардың нақты санын нақтылады. Алдын ала мәліметтер бойынша, халық саны 1 млн 343 мың 598 адамды құрайды.

“Тізімге кірген барлық 565 мың санақ нысандарының мекен-жайы нақтыланды. Бұл ретте мекенжай тіркелімі деректер қорында есепте тұрған және санақтың негізгі кезеңі үшін нысандар қатарына кірмеуі тиіс істен шыққан 19 мың үй-жай (пәтер) анықталды. Қазір санақтың негізгі кезеңі үшін аудандастыру жүріп жатыр. Жұмыстарды аяқтау 25 тамызға жоспарланған”, – деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Жанат Садықова.

Онлайн-режимдегі халық санағы бір жарым айды құрайды – 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін. Қарағандылықтар сауалнама парақтарын үйден немесе мобильді интернеттен онлайн толтыра алады, немесе «Азаматтарға арналған үкімет» фронт-кеңсесіне баруға болады.

Үйді аралау 1-30 қазан аралығында өтеді. Барлық сұхбат алушылар вакцинациялануы керек.

Санақ жүргізу үшін 1890 адамды уақытша жұмысқа тарту жоспарлануда. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша жұмыспен қамту орталықтарында есепте тұрған 1289 жұмыссыз жолдама алады.

“Біз халық санағының маңыздылығы мен өзектілігін түсінуіміз керек, – деп атап өтті облыс әкімі Жеңіс Қасымбек. – Жүргізілген жұмыстың қорытындысы елдегі экономикалық, демографиялық және әлеуметтік өзгерістерді көрсетеді. Бұл ауқымды акция аса маңызды талдамалық деректерді, оның ішінде халықтың нақты санын, жас және гендерлік құрамын, урбандалу дәрежесін және өңірді дамыту үшін негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қажетті басқа да мәліметтерді алуға мүмкіндік береді”.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button