Қарағанды облысында «Парыз-2021» байқауына қатысуға өтінімдер қабылдануда
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыс берушілер мен кәсіпкерлерді бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық байқауының аймақтық кезеңіне қатысуға шақырады. Өңірлік және республикалық кезеңдерге қатысу тегін.
Байқау төрт номинация бойынша өткізіледі:
1. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».
Бұл номинацияда қызметкерлерді қолдауға, өңірдің әлеуметтік жобаларын іске асыруға қатысуға, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға (еңбекақы мен әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлау жүйелері, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың ең көп санын жұмысқа орналастыру және т.б.) бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.
2. «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».
Бұл жерде еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметіне назар аударылады.
3. «Үздік ұжымдық шарт».
Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.
«Экологияға қосқан үлесі үшін».
Осы тармақтың шеңберінде қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі маңызды.
Республикалық байқаудың қорытындысы жыл соңында шығарылады.
«Парыз-2021» байқауына қатысу ережелері мен тәртібі туралы толық ақпарат алу үшін ұйымның орналасқан жері бойынша қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгіну қажет. Сондай-ақ барлық ақпаратты «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ сайтынан алуға болады.
karaganda-social/press/news