Хабар

Қарағанды облысында оқушылар мен студенттер дәстүрлі оқуға қайта оралуға дайындалуда

Қарағанды облысында жаңа оқу жылына дайындық, мұғалімдерді вакцинациялау барысы – бұл туралы аппараттық кеңесте айтылды.

Ел Президенті 10 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде оқушылар мен студенттердің дәстүрлі оқыту жүйесіне оралуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды. Пандемия кезінде олар қашықтан білім алуға мәжбүр болды. Біз өткен оқу жылында жіберілген олқылықтардың орнын толтырып, оларды болашақта қайталамауға тиіспіз, деп атап өтті облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова штаттық форматта жұмыс істеу үшін басты талап – КВИ-ге қарсы педагогтар мен қызметкерлерді 100 пайыз вакцинациялау екенін хабарлады. Оның айтуынша, бүгінде оқу орындарының қызметкерлері арасында 84% екпе алды. Вакцинацияны 18 жастан асқан колледж студенттері де жасайды.

Барлық білім беру ұйымдары санитарлық құралдармен қамтамасыз етілген.

Кабинеттік жүйені жою және әр түрлі сыныптар үшін үзілісті бөлу арқылы, 25 оқушыдан аспайтын сыныптарға бірнеше ауысымда сабақтар өткізу жоспарлануда. Сабақ кестесі бастауыш, орта және жоғары буынды ескере отырып жасалады. Бұл жағдайда, егер оқушылардың біреуінде коронавирус анықталса, барлық мекеме емес, жеке блок карантинге жабылады, – деді Гүлсім Қожахметова.

Оқулықтардың қажетті саны сатып алынады. Бұған бюджеттен қаражат бөлінді.

Жаңа оқу жылына дейін облыста 146 білім беру нысанын жөндеу жоспарланған: 111 мектеп, 26 балабақша, 8 колледж, бір балалар үйі. Тоғыз нысанның, оның ішінде төрт мектеп пен екі балабақшаның құрылысы жүргізілуде.

Облыс әкімі қауіпсіздікті барынша сақтай отырып, дәстүрлі оқу форматына оралу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Қарағанды облысында 1 қыркүйектен бастап 209 067 оқушы, оның ішінде бірінші сынып оқушылары – 21 803-і оқуға кіріседі.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button