Қарағанды облысында нысандардың жұмысына өзгертулер енгізілді – қаулы
Қарағандыда 8 қазанынан бастап әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысына өзгертулер енгізілді.
Қарағанды облысының бас санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес өңірдің әлеуметтік-экономикалық нысандарының жұмысына келесідей өзгертулер енгізілді.
Жексенбі күндері ASHYQ жобасына қатыспайтын нысандар: азық-түлік емес дүкендер (жеке тұрған), оның ішінде ауданы 2000 шаршы метрден астам сауда желілерінде, жабық базарларда, сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога орталықтарын қоса алғанда, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлерініңқызметі қайта жанданады. Сондай-ақ ASHYQ жобасына қатыспайтын объектілердің жұмыс режиміне келесідей жеңілдетулер енгізіледі:
– балалар түзету кабинеттерінде, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарында 15 адамнан аспайтын топтың толуын шектеу алынады;
– халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда (қонақ үйлер, отельдер, санаторлық-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.) 80% толтырылу шектеуі алынып тасталады;
– сұлулық орталықтары мен салондарында, шаштараздық, косметологиялық қызмет көрсететін объектілерде, сондай-ақ маникюр мен педикюр қызметтерін алдын ала жазу бойынша қабылдау талабы жойылады;
Карантин шарттарының жеңілдетілуі қоғамдық тамақтану нысандарында да қарастырылған. Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша нысандарға толтырылуы50%, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуге, ал «Ashyq»қосымшасын пайдалану арқылы адамдар санын 60 адамға дейін ұлғайтуға рұқсат етіледі. Ал асхана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілеріне «Ashyq» қосымшасын пайдаланған жағдайда да, онсыз да тәулікбойы жұмыс істеуге рұқсат етіледі (бұрын 24.00-ге дейін болған).
Қаулы 8 қазаннан бастап күшіне енеді.