Қарағанды облысында 9 тамыздан Ashyq-ты қолданатын нысандардың жұмыс уақыты өзгереді
Қарағанды облысында 9 тамыздан бастап Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін субъектілердің жұмыс уақыты өзгереді. Бұл туралы өңірдің бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында айтылған.
Жаңа қаулыға сай, меншік нысанына қарамастан, Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтатылады.
Алайда бұл тізімге келесі нысандар кірмейді: орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері мен супермаркеттер, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдары, сондай-ақ құрылыс жұмыстарын жүргізу, өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметі, байланыссыз қызметтер көрсету (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуатын орындар, химиялық тазалау, кілттерді дайындау, тұрмыс үйі қағидаты бойынша қызметтер және т. б.), гүл дүкендері, фотосалондар, туристік компаниялар, бизнес орталықтар және жекелеген қызмет түрлері (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтингілік қызметтер, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пунктері, ломбардтар, банктер, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері және тағы басқа).
Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметі тек алып шығуға және жеткізу арқылы жүргізіледі.
Ashyq қосымшасын пайдаланатын барлық нысандар демалыс (сенбі және жексенбі) күндері қызметін тоқтата отырып, жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін істейді.
Ashyq жүйесін пайдаланатын Халыққа қызмет көрсету орталықтары демалыс (сенбі және жексенбі) күндері қызметін тоқтата отырып, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін істейді.
Банктер, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері шектеусіз жұмыс істейді.
Қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда), оның ішінде мейрамхана, кафе және кофеханалар типі бойынша, сондай-ақ алкогольдік ішімдіктерді сатпай асханалар түрі бойынша, жазғы алаңдар, стрит-фудтар (жеке тұрған шатыр/ларек/дүңгіршек және т.б.), фуд-корттар Ashyq қосымшасын пайдаланбай тек тамақты шығару және жеткізу үшін жұмыс істейді. Ал Ashyq-ты пайдаланған кезде сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін, 50% дейін адам сыйымдылығымен, бірақ 50 орыннан асырмай жұмыс істеуге болады. Сенбі және жексенбіде қызметі тоқтатылады. Бұл ретте, тамақты шығаруға және жеткізіп беруге – рұқсат.
Банкет залдарының қызметіне (ас беру және мейрамханалар мен дәмханалар типі бойынша қызмет көрсету) тыйым салынған.
Бұдан басқа, 2021 жылғы 9 тамыздан бастап «Ashyq көшбасшылары» мәртебесі бар объектілер сағат 00.00-ге дейін, жоба бойынша жұмыс істейтін өзге де объектілерге сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Ал Ashyq режимін бұзған бизнес субъектілері жобадан ескертусіз 1 ай мерзімге шеттетіледі.