Хабар

Қарағанды облысында 30 мыңға жуық бала тегін спорт секцияларымен қамтылады

Қарағанды облысында 30 мыңға жуық бала өңірдегі 35 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жанындағы тегін спорт секцияларында айналысатын болады. Сондай-ақ, өңірде 21 спорттық нысан салу жоспарланып отыр.

Дене шынықтыру және спорт басқармасында облыстың қалалары мен аудандарының барлық ведомстволық бағынысты спорт мектептері басшыларының қатысуымен кеңес өтті. Ведомствода атап өткендей, өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтына деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Сондықтан спорт саласында өзекті мәселелер жинақталып қалған. Бүгін олар дөңгелек үстел басында талқыланды.

Бүгінгі таңда өңірде балаларды спортқа тарту бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Ботақара, Ғ.Мұстафин атындағы, Топар, Егіндібұлақ кенттерінде және Приозерск қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталды, сондай-ақ Балқашта спорт кешені, Нұра ауданының Шахтерский ауылында жабық хоккей корты салынуда.

«Ақтоғай ауылындағы стадионды қайта құру басталды, Осакаров ауданы Молодежный кентіндегі балалар-жасөспрімдер спорт мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде және Теміртау қаласының БЖСМ, Қарағандыдағы үстел теннисі және гимнастика бойынша мектептерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, биыл өңірде жаңа спорт алаңдары мен көпфункционалды хоккей корттары орнатылады. Барлығы 21 ғимарат орнатылмақ», – деп хабарлады Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button