Қарағанды облысында үздік жас математиктер анықталды
Қарағанды облысында математикадан «Алтын сақа» олимпиадасы өтті. Шараға өңірдегі жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялар мен лицейлердің 4-6 сынып оқушылары қатьсты. Қарағанды қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы гимназия «Алтын сақа» кубогы мен Гран-при иегері атанды.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды – мектепішілік және облыстық. Мектепішілік кезеңге 9 867 оқушы қатысты. Облыстық кезеңге 863 оқушы өтті, олардың 92-і жүлделі орындарға ие болды.
Олимпиада қорытындысы бойынша І орынды бес қатысушы, ІІ орынды – 45 және ІІІ орынды – 52 жас математик жеңіп алды.
«Алтын сақа» олимпиадасының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі «Сарыарқа дарыны» МДҰ РҒТО-да өтті. Онда тек Қарағанды қаласының жеңімпаздары марапатталды, ал олимпиаданың қалған қатысушылары онлайн-режимде қосылды.
Жеңімпаздарды «Зерделі» оқу орталығының директоры Ырысбек Мауит және «Халық» қайырымдылық қоғамдық қорының төрағасы Мамбар Жанарбек құттықтап, дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етті.
ІІ, ІІІ дәрежелі жүлдегерлер дипломдары мен жалпы командалық есепте жүлделі орын алған мектеп дипломдарын, «Математика олимпиадасына дайындық бастамалары» кітабын облыстың аудан және қала әдіскерлері «Сарыарқа дарыны» МДҰ РҒТО-дан ала алады (Әлиханов к-сі, 19, 2-қабат, 7-кабинет).
Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі