Хабар

Қарағанды фармацевтикалық кластеріне берілген «Фитохимия» ҒӨК мемлекетке қайтарылады – министр

Қарағанды фармацевтикалық кластеріне берілген «Фитохимия» ғылыми-өндірістік кешені мемлекет меншігіне қайтарылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Бұрын Қарағанды фармацевтикалық кластеріне берілген «Фитохимия» ғылыми-өндірістік кешені мемлекет меншігіне қайтарылады.

Институттың маңызы мен әлеуеті зор. Ішкі аудит қызметінің тексеру жұмысы келісімнің мемлекетке тиімсіз екенін көрсетті, мүліктік кешенді бағалауға, оның құны мен бөліп төлеуге қатысты сұрақтар туындады. Сол себепті мемлекет меншігіне қайтару бастамасы көтерілді. Тиісті құжатқа қол қойылып, рәсімдер жүргізіліп жатыр», – деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ министрдің айтуынша, Қарағанды қаласының саябақ аймағындағы жерлерді қаланың орталық саябағының бір бөлігі ретінде мемлекет меншігіне қайтару мәселесі қарастырылатын болады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button