Общество

Құрбан айт мүбәрәк болсын, ағайын! (Видео)

Бүгін – Ораза айттан кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылатын Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні.

Құрбан айт мейрамы – мұсылман қауымының бейбітшілік, бірлік, cекілді адами құндылықтарды насихаттайтын басты мерекелерінің бірі.

Бұл күндері жетімдерге, қарттарға, мүгедектерге және барша мұқтаж жандарға көрсетілетін көмек жүректерді ізгілік пен ризашылыққа толтырады.

Құрбан сөзі – араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді. Яғни, жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу, ал шариғаттағы терминдік мағынасы – «шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды.

«Новое Телевидение» және «Жаңа FM» ұжымы Сіздерді осы мейраммен құттықтайды!

Жаратушымыз тілектерді қабыл етіп, құт-береке сыйласын! Елімізде әрқашан бейбітшілік, бірлік және келісім болсын!

Мереке қарсаңында бізде қонақта Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің Наиб имамы Жомаділда Елдос Қуандықұлы болып, барша қауымды ұлық мейраммен құттықтады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button