Қазақстанда емханаға тіркеу науқаны басталды. Тіркелу үшін не білу керек?

Науқан 15 қыркүйек – 15 қараша аралығында өтеді.

15 қыркүйекте Қазақстанда алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымына еркін тіркелу науқаны басталды, деп хабарлады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.

2022 жылы алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін 626 медициналық ұйым Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасты. Қор тіркеу науқанына қатысты бірқатар сұрақтардың жауабын ұсынады:

Емхананы таңдау кезінде нені ескеру қажет?

Емхана таңдауда басты ескеретін жайт – ол үйден 15-20 минут уақытта жаяу жететін жерде орналасқаны жөн. Барлық емханалар аумақтық қағидат бойынша жұмыс істейді және пациент емхананың қызмет көрсету аумағында тұрған кезде ғана үйде медициналық көмек көрсетіледі. Бұл учаскелік дәрігердің немесе мобильді бригаданың көмегі қажет болған жағдайда оның жедел жетуіне, сондай-ақ, отбасы мүшелерінің бір дәрігерге қаралуына мүмкіндік береді.

Емханаға қалай тіркелуге болады?

* Азаматтардың бәріне арналған әдіс. Электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы бекіту: www.egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау қажет. Ары қарай электрондық өтініштің барлық жолдарын толтыру қажет. Пациент туралы мәліметтерді емхана мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады. Жауап оң болған жағдайда медициналық ұйымға тіркелгеніңіз туралы хабарлама беріледі.
* Халықтың жекелеген санаттарына арналған әдіс. Олар емханаға жеке басын куәландыратын құжатпен тікелей жүгіне алады. Атап айтар болсақ, олар зейнеткерлер, мүгедектер, қамқоршылар тағайындалған заң бойынша бала кезінен мүгедектер, қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер, колонияда жазасын өтеушілер, студенттер, мерзімді қызмет әскери қызметшілері, шет мемлекеттерде туған балалар, сенімхат бойынша бекітуді рәсімдейтіндер.

Кімдер тіркелу керек?

Емхананы еркін таңдау құқығын пайдаланбаған азаматтар бұрын өзі қаралған алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымында тіркелген күйі қалады.

Автор: Корреспондент

Читайте также

2023 жылы Қазақстанда көлік айыппұлы мен салығының мөлшері қалай өзгереді?

Ең төменгі айыппұл мөлшері 10 мың теңгеден асып түседі. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.