Хабар

Қазақстанда ақбөкен аулауға рұқсат беру мәселесі қарастырылып жатыр

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қазақстанның ақбөкен популяциясын қалпына келтіру бойынша жоспарды орындағанын мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, ақбөкендердің көбейгені соншалық, егістік жұмыстарына кедергі келтіре бастаған.

“Егер 2016 жылы ақбөкендер популяциясы 110 мың бас болса, бүгінде олардың саны 10 есеге өскен. Жыл сайынғы өсім 30-40%-ға тең. Биологиялық дәлелдеу қорытындысы бойынша, ақбөкендердің тиімді саны 700-800 мың бас шамасында. Қазір олардың саны 1,3 миллионға жетеді”, – деді министр.

Серікқали Брекешев ғалымдардың ақбөкендер санын реттеу мәселесі бойынша жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Тек осыдан кейін ғана ведомство ақбөкен аулауға рұқсат беру сұрағын қарастырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button