Хабар

Қазақстанда қыз-келіншектер саны артқан

Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің мәліметінше, жыл басында Қазақстанда әйелдер саны 9,8 млн, ерлер 9,3 млн-ды құрайды.

Әйелдер қауымы бүкіл ел халқының 51,4%-ын құрайды. Қалаларда тұратын әйелдер саны 6 млн, ал ауылдағылар саны 3,8 млн. Белгілі болғандай, әйелдің орташа жасы 33,5 жас. Орташа некеге тұру жасы – 24. Нәзік жандылардың өмір сүру ұзақтығы – 75,5 жас.

Әйелдерге еңбек нарығында экономикалық белсенді халықтың 48,5%-ы тиесілі. Өткен жылғы мәлімет бойынша, әйелдер қауымы білім беру, бизнес және әкімшілендіру, сатушылар мен сату қызметкерлері, сауда және қызмет көрсету саласында жұмыс істейді.

Айта кетерлігі, елімізде ер адамдарға қарағанда әйелдердің айлығы 22%-ға төмен. Жұмыссыздық деңгейі өткен жылдың төртінші тоқсанында 4,9%-ды құрады, бірақ егер ерлер үшін көрсеткіш 4,1%-ға жетсе, әйелдер үшін – 5,1%. Пандемияға дейін әйелдер арасында жоғары біліммен қамтылу көрсеткіші 73,2%-ды, ал ерлер арасында 61,1%-ды құрады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button