Хабар

Қазақстан көліктерінің тең жартысы ескі. Жаңа машинаны тіркеу қанша тұрады?

Биыл тіркелген жеңіл көліктердің саны 1,9%, 3,8 млн көлікке дейін қысқарды.

Биыл жасалып шыққанына 10 жылдан асқан автомобильдер автопарктің 63,4 пайызын құрады. Оның алдындағы жылы 64,5 пайызды құраған еді. Бұл 2,4 млн көлік, алдындағы жылға қарағанда 3,5% аз, деп хабарлайды energyprom.kz(https://www.energyprom.kz/ru/a/monitoring/kolichestvo-novyh-zheleznyh-konej-v-rk-vyroslo-na-12-za-god-eto-uzhe-pochti-14-ot-avtoparka-strany) сайты.

Соңғы үш жылда шыққан автокөліктердің үлесі 13,6 пайызды құрады, алдыңғы жылы 12% болған еді. Бұл 516,8 мың көлік, бір жылда 11,7% өскен.

Жалпы биыл тіркелген жеңіл көліктердің саны 1,9%, 3,8 млн көлікке дейін қысқарды.

Биыл Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросы жеңіл автокөліктер бойынша әдістеме мен мәліметтерді өзгертті. Осы жылдың наурыз айында Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің тең жартысының жасалып шыққанына 20 жылдан асқаны туралы (шамамен 2 млн авто) ақпарат жарияланды.

Жасалып шыққанына үш жыл толмаған көліктерді бірінші рет тіркеу үшін 50 АЕК, 153 мыңнан астам теңге төлеу қажет. Ал шыққанына екі жыл толмаған көліктер бұл қызмет үшін 0,25 АЕК қана төлейді. Ал үш жылдан асқан көліктер 500 АЕК төлеуге мәжбүр. Осылайша төлемдердің бұл түрі іс жүзінде ескі “темір тұлпар” үшін “сүзгі” ретінде ғана қызмет етеді.

Утильалым 50 пайызға дейін төмендетілді, жаңа мөлшерлеме 230 мың теңгеден басталып, 1,8 млн теңгеге дейін барады.

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының арқасында мамыр-маусым айларында қазақстандықтар 10 мың жаңа автокөлік иеленеді деп жоспарланып отыр. Ал ескі көліктердің бағасы сәуір айында 16% өсті. Оның алдында 8,9% өскен еді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button