Вторник, 18.05.2021

Қазақстан баспасөз бостандығы рейтингісінде тағы да Гондурас, Ауғанстан, Зимбабве елдеріннен артта қалды

«Reporters Without Borders» (Шекарасыз репортерлар) басылымы жариялаған Дүниежүзілік баспасөз бостандығы индексі рейтингісінде Қазақстан Гондурастан, Ауғанстаннан және Зимбабведен артты қалды.

2020 жылы Қазақстан 157-орынға жағасқан еді, ал енді екі пунктке 155-орынға ғана көтеріле алған.

Қазақстан Өзбекстанды басып озды (157-орын), ол 2020 жылы 156-орын алды, алайда Қазақстандағы баспасөз бостандығының жағдайы рейтингтің «аутсайдер» қатарына кіретін Гондурас, Ауғанстан, Зимбабвеге және басқа да бірқатар елдерге қарағанда нашар болып тұр.

ТМД елдерінде Өзбекстаннан басқа, баспасөз бостандығының жағдайы Беларусьта (158-орын), Тәжікстанда (162), Әзірбайжан (167) және Түркіменстанда (178) нашар. Көштің соңында қалғандар қатарында Ресей де бар, оның позициясы Қазақстанға қарағанда сәл жоғары – 150-орын. Бұрынғы КСРО-ның басқа елдері рейтингтің алғашқы жүздігіне кіреді.

Норвегия әлі де баспасөз бостандығы бойынша елдердің көшбасшысы мәртебесінде нық тұр, екінші орынды былтырғыдай есеппен Финляндия сақтап қалды, бірақ 2020 жылы үшінші орынды иеленген Дания бұған дейін төртінші орында тұрған Швецияны алға шығарды. Алғашқы ондыққа Коста-Рика (5), Нидерланды (6), Ямайка (7), Жаңа Зеландия (8), Португалия (9) және Швейцария (10) кірді.

«Қазақстан рейтингте екі орынға көтерілгені жақсы нәтиже болса да, әлі де «нашар» аймақта тұрғаны көңіл көншітпейді. Айта кетейік, өткен жылы 180 ел арасында 157-ші орынға шығып, биыл 155-ші орынға жайғастық. Осы қарқынмен «қиындықтары бар» ел қатарына кіру үшін қанша жыл керек болады?, — деп пікір білдірді «Әділ сөз» халықаралық қоры.

Автор: Корреспондент

Аватар

Читайте также

Оқушыларды қашықтан оқыту вирус жұқтыруды 50 пайыз төмендетті – Жеңіс Қасымбек

Қарағанды облысында мектеп оқушыларын қашықтан оқу режиміне көшіру сырқаттанушылық деңгейін 50 пайыздан астамға төмендетуге мүмкіндік …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *