Хабар

Қасқыр аңшылық түрлер санатына ауыстырылды

Қасқыр аңшылық түрлер санатына ауыстырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

«Аң аулау және балық аулау объектілеріне жататын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жыл 16 ақпандағы № 18-03/106 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Қазіргі уақытта қасқыр мен шибөрі санын реттеу жүйесінде бірқатар проблема бар. Оның ішінде кездейсоқ адамдардың аңшылық алқаптарда қарумен болуды ақтау үшін реттеу рұқсаттарын пайдалануы.

Қасқыр сұранысқа ие аңшылық ресурс. Алайда аңшылық шаруашылықтары одан ақша табу және оның санын дербес реттеу мүмкіндігінен іс жүзінде айырылған.

Қазіргі таңда қасқырларға реттеуді жүргізу, олардың саны туралы деректердің толық болмауына негізделуіне байланысты, экожүйеге нұқсан келтірілуде, сондай-ақ ауыл шаруашылығына нұқсан келу қаупі төмендеген жоқ. Қасқыр, басқа түрлер сияқты аңшылық объектісіне жатады. Оның саны аңшылық шаруашылық субъектілермен және облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларымен есептеледі. Үй жануарларына қасқырлардың шабуы жағдайында аңшылық мерзімінен тыс реттеу мүмкіншілігін сақтай отырып, лимит және квоталар бөлінуі тиіс. Осыған байланысты қасқырды аңшылық түрлер санатына ауыстыру бойынша шешім қабылданды.

Өз кезегінде аңшылық шаруашылығы аумағында қасқырлардың санын реттеуін қадағалауды аңшылық шаруашылығы субъектілері жүргізеді, ал резервтік қорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы жүргізеді.

Бұл популяцияның мониторингісін, түрлердің оңтайлы санын қолдауда аңшылық шаруашылықтардың қызығушылығын ынталандырады, экожүйенің сақталуын қамтамасыз етеді және аңшылық шаруашылығының дамуына көмектеседі.

Аңшылық объектісіне жататын қасқырды аңшылық түрлер санатына ауыстыру Ғылыми-техникалық кеңеспен, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен және аңшылық шаруашылығы субъектілерімен қабылданды.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button